• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 16 Шілде, 2021

Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді

513 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) желтоқсан айындағы жекпе-жегін Қазақстан астанасында өткізеді. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ сол бокс кешінің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) да өнер көрсетеді. Аса ауыр салмақтағы боксшыға өзінен мықты қарсылас іздеп жатырмыз дейді З.Алиев.

«Үлкен шоу үшін біз желтоқсан айын таңдап алдық. Оған дейін Данияр сыртта мықты қарсыласпен бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Иван Дычко кеше ғана жекпе-жек өткізгеніне қарамастан желтоқсанға дейін тағы бір қарсыласпен бақ сынап көруі керек. Екеуіне де мықты қарсылас таңдаймыз», деді менеджер.

Зия Алиев қазір қазақстандық боксшыларға қарсылас іздеп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында әлемнің экс-чемпионы, намибиялық Джулиос Индонгоны жеңген болатын. Ал, Иван Дычко биыл 10 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, Дычко кәсіпқой бокста өткізген 10 жекпе-жегінің бәрін нокаутпен жеңген.