Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғандар 7 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзған 4 991 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Полиция қызметкерлері облыс аумағында «Мигрант», «Заңсыз келуші – 2021» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен рейдтік тексерістерді жиі ұйымдастырады. Мақсат – өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласындағы қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтау. Осындай шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін 4 991 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», дейді Қамза Үмбетқалиев.
Оның ішінде 3110 шетел азаматы бар. Сот шешімдерімен көші-қон заңдылығын бұзған 100 шетелдік ел аумағынан шығарылған.