• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Шілде, 2021

Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер саны қысқарады

333 рет
көрсетілді

Бұл туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша депаратаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайрақбаев жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде сөйлеген ол жыл соңына дейін өңірлік мемлекеттік аппарат 15, келесі жылы тағы 10 пайызға қысқартылатынын айтты.

- Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлерінің жалақылары 1 шілдеден 1,9 есеге артады. Осылайша мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақысы 267 мың теңгеге жетеді, - деді Үкімет басшысы Асқар Маминнің сөзін алға тартқан Бауыржан Қайрақбаев .

Оның айтуынша, облыстық департамент барлық аумақтық бөлімшелерімен қоса есептегенде штатты 25 пайызға қысқартқан.Айта кетейік, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 4964 бірлікті құрайды, нақты саны – 4402 адам.Бос жұмыс орындарының саны – 562 бірлік немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 11%.