Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті ұсталған адам Ауғанстаннан келгендігін хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы Анадолы агенттігі ақпарат таратты.
«Ұсталған адам арнайы дайындықтан өтіп, халықаралық террористік ұйымдардың бірінде Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан», деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы.