• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Шілде, 2021

Эстония билігі ресейлік дипломатты елден шығарады

179 рет
көрсетілді

Бұл шешім Эстонияның Санкт-Петербургтегі консулы Март Леттенің шығарылуына жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Эстония Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тиісті нота республикадағы Ресей елшісі Александр Петровқа бейсенбіде тапсырылған.

«Біз бұл эпизод Эстония мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастарға зиянын тигізбейді деп үміттенеміз. Эстония әлі де тату көршілік пен сындарлы қатынастарға мүдделі», делінген СІМ хабарламасында.