• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Шілде, 2021

Ауыл шаруашылығы министрі «ҚТЖ» Ұлттық компаниясынан көмек сұрады

416 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Түркістан облысындағы белсенділер жинаған шөпті Маңғыстауға тегін жеткізуге көмектесуін сұрады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының белсенді тұрғындары жинаған жем-шөпті тегін әрі жедел жеткізіп беруге көмектесуін сұрады. Ұлттық тасымалдаушы компанияның басшысы бұл мәселені өз бақылауына алып, көмек беретінін айтты», деп жазылған ресми ақпаратта.