Металлургтер күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі металлургия кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Бейресми форматта өткен кездесуде металлургтерді толғандыратын тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, кадр, жалақы, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, министр Бейбіт Атамқұлов та еңбек жолын металлург болып бастаған.