«Қызыл аймақта» тұрақтаған Атырауда қауіпті вирустан емделу үшін 2 907 науқас оқшауланды, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, инфекциялық стационарларда – 1 013, ал үйінде 1 894 пациент емделіп жатыр.
Белгілі болғандай, соңғы екі күнде коронавирус инфекциясына шалдығушылар көбейген. Мәселен, 16 шілдеде – 342, 17 шілдеде 277 адам қауіпті вирус жұқтырған. Соңғы екі күнде Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 469 дерегі тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде – 28, Жылыой ауданында – 27, Индерде – 22, Қызылқоғада – 18, Исатайда – 17, Махамбетте – 17, Құрманғазыда – 10, Мақат ауданында 16 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.
«Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 013 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде аудандардағы инфекциялық стационарларда – 240, модульдік ауруханада – 203, №2 облыстық ауруханада – 199, кардиологилық орталықта – 110, теміржол ауруханасында 95 пациент емделуде. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішіндегі стационарда – 95, ал фтизиопульманологиялық орталықта 95 науқас ем қабылдауда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.