• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2021

Алматыда бұрылыс эстакадасы пайдалануға берілді

390 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Алтын орда» базары маңындағы жол торабында "Таға" тәріздес бұрылыс эстакадасы іске қосылып, көліктер үшін жүріс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Бұл «Алтын Орда» базары мен «Апорт Молл» сауда орталығы ауданындағы көлік трафигін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Ендігі кезекте бас магистральдық эстакада.

Бүгінгі күні жалпы құрылыс бойынша монолитті аралықты құюға арналған металл конструкцияларды монтаждау, фермалық тіректердің қалыптарын нығайту, арматуралау, бетондау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, асфальтбетон жабыны орнатылды. Автомобиль жолы учаскесін сыртқы жарықтандыру жолға қойылды.

Қазіргі уақытта 3 жаяу жүргінші өткелінде монтаждау жұмысы аяқталды. «Ақсай» өзені арқылы өтетін жолаушылар көпірі ашылды.