• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2021

Атырау облысында каналда балық қырылды

533 рет
көрсетілді

Атырау облысында тағы да балық қырылғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, Исатай ауданының аумағында Нарын каналының Ақбас (Қызтуған)  учаскесінің тұсында ұсақ балықтың қырылғаны анықталған. Сол жерден 197 келі өлі балық жиналған.

«Нарын каналының Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі бөлігінде су деңгейі тым төмендеп кетті. Балықтың қырылуына оттегінің жетіспеуі себеп болған. Бұл канал көптен бері жөнделмей, арнасы ескіріп, су өткізу мүмкіндігі төмендеген. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федеоациясының шекарасы» бағытындағы тасжолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелер айналма жолдарға шашатын суды осы каналдан алады», дейді Артур Сәдібекұлы.