Полицияның мәліметінше, 18 шілдеде сағат 15:00 шамасында ШҚО Үржар ауданы аумағындағы Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолында көлік апаты тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Geely, Kia Sportage және «Лада» автокөліктері жол апатына ұшыраған.
«Алған дене жарақатынан Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ «Лада» жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі жүргізуші де, Geely көлігінде отырған жолаушы да әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі «абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.