Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Біркөлік тау шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтеріліп, өздігімен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар «112» номеріне өздері хабарласып, құтқарушыларды шақырған.
«Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Балаларды жерге түсіріп алуға 8 маман мен 2 техника жұмылдырылды. Екеуі де дін-аман, денсаулықтарына зиян келтірілмеген», деп мәлімдеді облыстық ТЖ өкілдері.