Атырауда Жайық өзеніне суға түскен 15 жасар жасөспірім жантәсілім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 шілдеде болған.
«Кеше сағат 20:15 шамасында 2006 жылы туған жасөспірім «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсындағы жағажайда Жайық өзеніне суға түскен. Алайда, жасөспірім өзеннен қайта шықпай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 20:31-де Жайыққа батқан баланың денесін судан шығарды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.