Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарын жалғайтын күре жолда екі көлік соқтығысты. Жол апатынан жүргізуші қыз көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 17 шілдеде сағат 21:30 шамасында болған.
«Атырау-Орал» бағытындағы жолда «Hyundai Accent» пен «Газель» көлігі соқтығысқан. Жол апатынан оқиға орнында «Hyundai Accent» көлігінің 20 жасар жүргізушісі мерт болды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тергеліп жатыр.