• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2021

Оралда жылыжайда шетелдік азамат есірткі өсірген

311 рет
көрсетілді

Орал қаласы аумағындағы жылыжайдың бірінде Ресей Федерациясының азаматы тиым салынған есірткі өсімдігін өсіріп, қолға түсті деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан полиция департаментіне қарасты Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі дайындаумен айналысқан зертхананы әшкереледі. «Қарасора» арнайы іс-шарасы кезінде қолға түскен 36 жасар азамат құрамында есірткі бар өсімдіктерді үй жағдайында өсіру технологиясын әбден жолға қойған екен. Тінту нәтижесінде бірнеше түп өсімдік пен арнайы құрал-жабдық тәркіленген.

Осы оқиға туралы хабар таратқан Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбләзимов күдіктінің үстінен «тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бабы бойынша іс көтерілгенін айтты. Қазір бірнеше сараптама тағайындалған.

 

Батыс Қазақстан