• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2021

Атырауда карантин шектеуін бұзған 9 нысан анықталды

355 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау облысында карантиндік шектеудің күшейтілуіне байланысты мониторингтік топтардың жұмысы ширатылды. Топ мүшелері қалада бір күнде карантиндік шектеу талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысанды анықтады», дейді полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, кеше, 17 шілдеде сағат 13:36 шамасында мониторингтік топ Бейбарыс көшесінде орналасқан «Continental Gold» мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтаған. Бұл мейрамханадағы тойға 50-ден астам адам қатысқан.

Сондай-ақ сол күні сағат 15:55 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы «Акварай» аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс істеген. «Zheka’s doner house» кафесі сағат 22:15 шамасында келушілерді қабылдаған. Алайда, бұл нысанның иесі түсінік беруден бас тартқан.