• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2021

Атырауда жыл басынан бері 19 адам суға кеткен

423 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бері 19 адамның суға кеткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Аблановтың мәліметіне сүйенсек, 18 шілдеде тағы екі адамның Жайық өзеніне батқаны анықталған.

«Жайық өзенінің Геолог елді мекені тұсында 38 жастағы ер адам суға батып кетті. Сондай-ақ Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында Өзбекстан Республикасының 48 жастағы азаматы балықшылардың Жайық өзеніне құрған торына оратылып қалған», дейді Бақыт Абланов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері суға кеткен адамдардың саны 19-ға жеткен. Суға батқандардың арасында 6 бала бар. Ал, 3 адам құтқарылған.