• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2014

Қос бірдей нысан қатарға қосылды

240 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында жылма-жыл көлік кептелісі күрделі проб­лемаға айналып келеді. Жа­қында жүргізушілердің де, жо­лау­шылардың да «бас ауруына» айналған осы проблеманы шешетіндей екі бірдей авто­жол пайдалануға беріліп, қала­да­ғы көлік қозғалысын бірден ана­ғұр­лым жеңілдетіп тастады десе де болғандай.

Ақтөбе қаласында жылма-жыл көлік кептелісі күрделі проб­лемаға айналып келеді. Жа­қында жүргізушілердің де, жо­лау­шылардың да «бас ауруына» айналған осы проблеманы шешетіндей екі бірдей авто­жол пайдалануға беріліп, қала­да­ғы көлік қозғалысын бірден ана­ғұр­лым жеңілдетіп тастады десе де болғандай. 

Ақтөбе қаласындағы 11-шағын аудандағы Әкімжанов-Әз Наурыз өтпелі көпір жолының ашылуын тұрғындар қуанышпен қарсы алды. Іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе қала­сының әкімі Ерхан Омаров, «Мостстроительный отряд-25» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері, қаланың құрметті азамат­та­ры, мемлекеттік органдар, ком­муналдық кәсіпорындар өкіл­дері, қала тұрғындары қатысты.

– Қала көркейіп келеді. Өңі­рі­міздің әлеуметтік-эко­но­ми­калық әл-ауқаты жақсарып, адамдардың бақуатты тұрмысы қалыптасуда. Автокөліктер де көбейе түсуде. Бұрынғы автожолдар енді тарлық ете бастады. Сондықтан, қазірдің өзінде мұндай мәселені шешудің алдын алудамыз. Соның бірі – 11-шағын аудан мен ескі қаланы тікелей қосатын жа­ңа жол өткелі. Бұл көпірді салу­дағы мақсатымыз –  жол қоз­ғалысының қауіпсіздігін реттеу және екі ауданның ара­сын­дағы кө­лік ағымын азайту. Кеңес Ода­ғы кезінде облыста бар бол­ғаны 40 мыңдай көлік болса, қазір бұл көрсеткіш төрт еседей өсті. Бұл экономикамыздың дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығын көрсетеді, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Жол өтпесі құрылысы жөнін­де­гі жұмыстар өткен жылдың та­мыз айында басталған болатын. Көпірдің салынуына қаланы екіге бөлетін теміржол арқылы өте­тін өтпелердің жеткіліксіздігі, ав­товокзал ауданында үнемі кө­лік кептелісінің пайда болуы, кө­пірлердегі салмақты азайту қа­жеттілігі себеп болды.

Жаңа жол өтпесі Кеңес Нокин мен Сәңкібай батыр айналма жол трассаларына шыға отырып, қаланың ескі бөлігі мен 11- шағын ауданын қосуға мүмкіндік береді.

Сол күні қаланың солтүстік ай­­налма жолы да салтанатты жағ­дайда ашылды. Айналма жол «Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­­­лық­аралық автодәлізіне кіре­ді. Облыс әкімі Архимед Мұ­­­ха­м­­­бетов ел экономикасы үшін ма­ңыз­ды магистральдың Ақтөбе өңі­­рінде бірінші болып табыс­ты аяқ­талуымен көпшілікті құт­тық­тап, бұл жобаның басқа да ин­ф­рақұрылымдарды жан-жақты да­­мытуға септігін тигізетіндігін айтты.

Жалпы ұзындығы қырық ша­қырымдай қашық­тықты қам­титын бұл құрылыс жұмысы 2011 жылы басталған-ды. Оның маңыздылығы – батыстан шы­ғысқ­а, шығыстан батысқа қарай күндіз-түні ағылып жататын әр­түрлі ауыр салмақтағы сан алуан көліктердің бұрынғыдай облыс орталығына кірмей, қала сыртынан сапарын жалғастыра беретіндігінде болып отыр. Бұл шаһардың экологиялық тазалығын сақтауға да ықпал етеді.

«Қазавтожол» акционерлік қоға­мы Ақтөбе филиалының директоры Бағылан Байма­ғам­бетовтің айтуынша, қазіргідей қалада көлік­тер көбейіп тұрған жағдайда осы айналма жолдың салынуы да бірқатар проблемаларды шешуге қол жеткізеді екен. Яғни, көлік кептелісі сейіледі, екіншіден, қала­ның атмосфералық ауасының таза болуынада маңызы зор. Ай­­налма жолды салу кезінде о­сы аумақта орналасқан шар­уа қо­жа­лықтары тірліктің ел и­гі­лігі үшін қажет екенін сезініп, өз­дері­не ұсынылған басқа жерлерге түсіністікпен қоныс аударды. Бұған бөлінген 73,3 миллион теңге мемлекет бюджетіне қайтарылған.

Жол салу жұмыстарына 12,1 млрд. теңге қаржы жұмсалған. Құ­рылыстың жабындысы жүк көліктерінің 13 тонналық бі­лігіне есептелген. Мұнда өзек­тер­дің үстінен өтетін төрт жа­ңа көпір салынды және «беде жапырағы» тәрізді үш, екі деңгейлі көлік жүрісі айрығы іске қосылды. Жолдың ені 9 метрді құрайды.

Жобаны жүзеге асыру барысында бес жүзге дейін адам еңбек етті. Жолдың барлық құрылыс жұмыстарына қазақстандық материалдар мен бұйымдар пайдаланылды. Ақтөбелік жүргізушілер қазірдің өзінде өтпелі көпір мен айналма жолдың игілігін көре бас­тады. Бұл көлік кептелісін едәуір жеңілдетіп, жолаушылардың барар жерлеріне бұрынғыдан гөрі анағұрлым ерте жетуіне қолайлы болды.

 Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

 Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар