Олимпиада ойындарының басталауына бір аптадан аз ғана уақыт қалды. Дегенмен, әлі күнге дейін әлемдік доданы Қазақстанның қай арнасы көрсететіні белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін отандық журналист Сергей Райлян Facebook-парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға сауал жасады.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтоты Райымқұловаға сұрақ: «Не себепті телевидениеден Олимпиада-2020 ойындарын көре алмаймыз?», деп жазды журналист.
Ал, Қазақстан ұлттық арнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы Prosports.kz сайтына трансляция мәселесі әлі шешілмегенін, жақын уақытта белгілі болатынын айтты.