• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2021

Құрманғазы ауданына пойыз шығару үшін ашық конкурс жарияланды

491 рет
көрсетілді

Бұл мәселені Құрманғазы ауданының тұрғындары көптен бері көтеріп келеді. Қазір Атыраудан аталған аудандағы Д.Нұрпейісова стансасына дейін жолаушылар пойызын іске қосу мәселесі қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл проблеманы үнемі бақылауында ұстап, жылдамдатып шешуді тапсырған болатын. Облыстық мәслихат бұл бағытта пойыз жүргізуді әлеуметтік маңызы бар іс-шара ретінде қолдады» деп ақпарат таратты облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 13 шілдеде «Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» стансалары бағытында теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін ашық конкурс жариялады.

«Конкурсқа қатысып, тасымалдаушы болғысы келетін 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдарға сай конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаз анықталып, хаттама толтырылады. Содан кейін басқарма мен мердігер мекеме арасында келісімшарт жасалады» делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.