• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2021

Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды

1029 рет
көрсетілді

Бүгін елімізге белгілі кардиохируг Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабар кардиохирургия орталығының Facebook-тегі парақшасында жаряланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды.

«Серік Темірханұлы ұзақ уақыт бойы денсаулығына шағымданып, артериялық гипертония, 2 типті қант диабетімен күрескен. Анықталмаған себептер бойынша, 2021 жылғы 18 шілде, жексенбі күні Серік Темірханұлының жүрегі тоқтап қалды. Ол жедел жәрдем көлігімен үйден «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ-ға жеткізілді. Ұзақ реанимациялық шаралар жүргізіліп, оны ЭКСМО аппаратына қосу қажет болды. Жағдай қан кетумен күрделене түсті. Серік Темірханұлына қан көп қажет болды. Онымен қан орталығы қамтамасыз еткен. Қан орталығының қорын толықтыру үшін туыстары қан тапсыру туралы хабарлама таратты.Бүгін, 2021 жылдың 20 шілдесінде Серік Темірханұлы қайтадан жүрек ұстамасына ұшырап, қайтыс болды», делінген хабарламада.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен және Ұлттық награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Әріптестер мен емделушілер оны мейірімділік пен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Ол туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады», деп жазылған хабарламада.