• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2014

Героин сатқан полицей 10 жылға сотталды

250 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер арнайы соты героин сатқан полицейді 10 жылға соттады.Сот үкімі Ақтөбе стансасы желілік ішкі істер басқармасы есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел өкіліне қатысты шығарылды. Ол героинді аса ірі көлемде заңсыз алғаны және сақтағаны үшін айыпталған болатын.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер арнайы соты героин сатқан полицейді 10 жылға соттады. Сот үкімі Ақтөбе стансасы желілік ішкі істер басқармасы есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел өкіліне қатысты шығарылды. Ол героинді аса ірі көлемде заңсыз алғаны және сақтағаны үшін айыпталған болатын.

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпаратына жүгін­сек, сол кезде қызметте жүрген полиция капитанының қол сөмкесінен аса ірі көлемдегі героин табылған. Ал мұның алдында бұл капитан екі рет героин сатқан екен.

Облыстық қылмыстық істер арнайы соты полицейді Қылмыстық кодекстің 259-бабы 3-бөлігі «г» тармағы бойынша айыпты деп тауып және мүліктерін тәркілей отырып, қатаң режімдегі түзеу колония­сында 10 жыл отыруға жаза кесті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.