• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2014

Американың алтын жүлдесі

326 рет
көрсетілді

Жақында елімізге Атлант мұхитының ар жағынан қуанышты хабар келіп жетті.

АҚШ-тың NEW YORK REALISM Fine Аrt атты Нью-Йорк Суретшілер одағының ұйым­­­дастыруымен өткен «LYRICAL INSPIRATION» («Лирикалық шабыт») халықаралық Арт-жоба­сында біздің отандасымыз Талғат Тілеужанов «realism» санатында «Golden еagle» («Алтын қыран») алтын медалін жеңіп алды.

Бұл жүлде қазақ суретшісіне «Биік шыңда» атты туындысы үшін табыс етілді. Мұндай жүлде АҚШ-та бірнеше жылдан бері «MFA» арнайы бағдарламасы бойынша қолданбалы өнер саласында еңбегі сіңген азаматтарға тапсырылып келеді. Осы байқауда Нью-Йорк Өнер академиясының өкілі, қазылар алқасының төр­ағасы Майкл Приттиман Талғат Тілеужановқа алтын жүлдемен бірге өзінің қолы қойылған сертификат пен көрменің каталогтарын табыс етті. Рәсімде әлемге танымал суретшілердің бірі М.Приттиман Нью-Йорк Өнер академиясының төрағасы және кескіндеме өне­рінің магистрі ретінде қазақ сурет­шісінің өнеріне жоғары баға беріп, оның суреттері әлі де талай адамдардың қызығушылығын тудыратынын айтты.

Жалпы, осы байқауға 30-ға жу­ық елден 500-ге тарта суретші  қатысты. Соның ішінде біздің суретшіден басқа  АҚШ, Ресей, Финляндия, Израиль елдерінің өкілдері түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Дастан Кенжалин,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар