Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мұнайлы өңірде 20 шілдеде 348 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталды.
Атырау қаласында – 212 адам, Теңіз кен орнында 34 жұмысшы қауіпті індетке шалдыққан. Жылыой ауданында 43, Құрманғазыда – 14, Исатайда – 13, Индерде – 11, Мақатта – 10, Махамбетте – 10, Қызылқоға ауданында 1 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
«Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1105 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде аудандардағы стационарларда – 271, №2 облыстық ауруханада – 203, модульдік ауруханада – 188, теміржол ауруханасында – 107, кардиологиялық орталықта – 101, фтизиопульманология орталығында 96 науқас бар. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 139 пациент, өз үйінде емделу үшін 2399 адам оқшауланған» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.