• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2014

Елшімен әңгіме

230 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасының Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чу Хёнды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасының Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чу Хёнды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар қос елдің президенттері Нұр­сұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хенің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы айрықша үлестерін алға тарта отырып, Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының стратегиялық маңызына назар аударды. Одан әрі парламентаралық өзара іс-қимыл тақырыбы сөз болып, Нұрлан Нығматулин оның мемлекет басшыларының келісімдерін тиімді жүзеге асыруға ықпал ететінін атап айтты.

Өз кезегінде Пэк Чу Хён біздің еліміздің экономикалық қарқынын жоғары бағалады. Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 9 айы ішінде 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні біздің елімізде оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 700 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Елшінің айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқа­сында Қазақстан ұлтаралық және кон­фессияаралық келісімнің жар­қын үлгісі болып табылады. Бұл бүкіл әлемде өте жоғары бағаланады.

Нұрлан Нығматулин Корея тарапының Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съездері, сондай-ақ, ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі форум жұмыстарына белсене қатысуы екі ел үшін де зор маңызға ие екендігін атап көрсетті.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Оңтүстік Кореяның халықаралық көрме өткізудегі өзіндік тәжірибесі мен табысын еске ала отырып, аталған елдің компания өкілдерін ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық жұмыста­рына қатысуға шақырды.

Кездесу иелері екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндіктер жеткілікті екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар