• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Видео 21 Шілде, 2021

Сөйлей алар емеспін: Желіде шөпті көріп жылаған маңғыстаулық әйелдің видеосы тарады

2267 рет
көрсетілді

Биылғы қуаншылыққа байланысты аштықтан малы қырылған елді мекендерге шымкенттік Құрмет Талапқазы есімді жігіт асарлатып шөп жеткізу шараларын ұйымдастырып жүр. Бүгінде оны қолдаушылар қатары көбейген, деп жазады Egemen.kz.

Құрғақшылық жайлап, шөп шықпай қалған батыс өңірлеріне әр аймақтан көмек қолын созушылар күн сайын мал азығын жөнелтіп жатыр.

Желіде сондай сәттердің бірінен видео тарады. Кадрда үйіне шөп әкелген жастардың әрекетін көрген маңғыстаулық әже жылап жіберді. Қуаныштан жылаған ақжаулықты ана қысылғанда қолдау болғандарға ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.

«Рахмет, жарықтарым. Сөйлей алар емеспін. Осындай күйге түсіп қалдық... Қол ұшын созып жатқан жандарға Алла риза болсын, дендері сау болсын, отбасыларына бақыт тілеймін», деді қуаныштан көңілі босаған ана. 

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны жарыса бөлісіп, топтарда кеңінен талқылап жатыр. Олардың көбі видеодағы оқиғаны «Көңіл тебірентерлік сәт» десе, енді бір «Құрмет секілді азаматтар көп болсын» деп тілек білдіруде.

Айта кетейік, малының жай-күй жоқ өңірлерге жәрдемдесу үшін жұртты жұмылдырған жігіт жайлы мақала бұған дейін де сайтымызда жарияланған еді.