• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда екі жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

588 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы төртінші қабаттың терезесінен екі жасар қыз құлады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 шілдеде қалалық балалар ауруханасына бірнеше жарақат алған екі жасар қыз жеткізілді. Полиция қызметкері оқиға орын алған сәтте баланың анасы үйден дүкенге шығып, қызын үйде жалғыз қалдырғанын анықтады. Бала ашық терезедегі москит торына сүйеніп, төртінші қабаттың терезесінен құлаған.

Дәл сол күні төрт жасар бала бірінші қабаттағы балконның терезесінен құлап түсті. Бала ауыр жарақат алған жоқ. Десек те, бала пәтерде ересектермен бірге болды. Ата-аналар ас үйде кешкі ас ішіп отырғанда, бала қонақ бөлмесінде ойнап жүрген.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, жыл басынан бері елордада көпқабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап, бір бала көз жұмды.

«Полиция департаменті ата-аналармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Әсіресе жаз айларында балалардың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Құрметті ата-аналар, сақ болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ювеналды полиция бастығы Нэлля Дощанова.