• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2014

Маңғыстауда кәсіпкер мемлекетке 29 млн.теңге шығын келтірді

270 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері салықтан  жалтарған кәсіпкердің қитұрқылық әрекетін әшкереледі. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Жергілікті жердегі серіктестік Иран Ислам  Республикасынан  халық тұтынатын өнімдерді бір жыл бойы елге заңсыз кіргізіпті. Нақты айтқанда, жеміс-жидектердің  бағалық ақпараттық құнын әдейі төмендетіп көрсетіп, салықтың белгілі бір мөлшерін төлеуден жалтарған. Соның салдарынан мемлекетке 29 млн. теңге  шығын келді. 

«Салықтан жалтарған кәсіпкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондықтан бұл іс туралы деректі қосымша хабарлаймыз»,-дейді облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Өмірсерік Тәжімағанбетов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: Tengrinews.kz.

Соңғы жаңалықтар