• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2021

Қазгидромет төрт облыста дауылды ескерту жариялады

416 рет
көрсетілді

Қазгидромет еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

21-22 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қаласында найзағай ойнап, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі.  Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с дейін жел тұрады.

22-23 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Жылдамдығы кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталып, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.