• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Шілде, 2021

Елордада екі медициналық мекеменің басшысына ескерту жасалды

131 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың «Салауатты Астана» ЖШС мен «Шипагер» ЖШС жұмысына қатысты шағымдарын ескере отырып, аталған ұйымдарға ескертулер жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтында жарияланды.

Аталған жекеменшік медицина мекемелерінің басшыларына барлық жағдайлар мен фактілерді тексеру тапсырылды. 

«Негізгі басымдық білікті медициналық көмек көрсету мен қызметтердің сапасын арттыру болып қала береді. Әрине, қаладағы қалыптасқан тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай бізді медициналық қызмет көрсету бойынша іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға мәжбүр етті, бірақ біздің азаматтар зардап шекпеуі керек. Бұдан әрі кез келген жағдайда медициналық көмек толық көлемде көрсетілуі шарт»,  деді атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы. 

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауыратын науқастардың үйіне барып, ПТР анализдерін қабылдайтын және олардың денсаулығын қадағалайтын 186 мобильді топ жұмыс істейді.