Бүгін, 10 қаңтар күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, қар мен жел күшейе түседі. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.
«Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық белдеулерге бөлініп, кей жерлерде қар, бұрқасын болуы, желдің күшеюі, тағы бір жерлерде тұман түсуі күтілуде. Тең оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана бұрынғысынша жауын-шашын болмайды», – делінген хабарламада.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын тұрады деп күтілуде, желдің екпіні секундына 15-22 метрге жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің епкіні 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде, тайғақ болады, желдің күші 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 метр болып, жаяу бұрқасын соғады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 метрлік. Температура түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз.
Астанада көшпелі бұлт көтеріледі. Оқта-текте қар жауып, боран ұйтқиды. Оңтүстік–батыстан 9-14 метрлік жел тұрады, оның көтерілуі 15-18 метрге барады. Температура түнде 15-17, күндіз 6-8 аяз болады.
Мақсат Ислам.
Дереккөз: Ras.kz
Фото: News. Nur.kz.