5,2 балдық жер сілкінісі Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пәкістанның сейсмикалық белсенділікті бақылау ұлттық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Раджанпур қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде, 39 км тереңдікте орналасқан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер асты дүмпулері Дера Гази Хан, Даджал және Захир Пир сияқты қалаларда сезілген.
Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат әлі хабарланған жоқ.