• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2014

Жоқтың түбі жоғалу емес пе?

315 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің таяудағы нөмірінде (8 қаңтар, 2013 ж.) «Айна айна емес, халық – айна» деген шағын мақала жарық көрді. Шынында, халықтың айна екені анық. Бәрін көріп-біліп отыр. Бірақ ой түбіндегі алтын жауһары – елдің жайы, Елбасы айтқан тәуелсіздіктің мәңгілігі, жұрттың бірлігі, ұрпақтың келешегі.

 «Егемен Қазақстан» газетінің таяудағы нөмірінде (8 қаңтар, 2013 ж.) «Айна айна емес, халық – айна» деген шағын мақала жарық көрді. Шынында, халықтың айна екені анық. Бәрін көріп-біліп отыр. Бірақ ой түбіндегі алтын жауһары – елдің жайы, Елбасы айтқан тәуелсіздіктің мәңгілігі, жұрттың бірлігі, ұрпақтың келешегі. 

Осындай ұлы мақсаттың орындалатынына сеніп, жеңіл желпінуге бой алдырмай, ой-санаға кір түсірмей, төзімділікпен қазыналығын танытып келеді. Ал біздің шенді шенеуніктер, әкім-қаралар, халық қалаулысы делінетін депутаттар, сол халықтың айна екенін, бәрін көріп-біліп отырғанын естен шығарып алып, кейде санаңа сыймайтын уәждер айтатыны бар. Соның бір парасы – олардың, яғни атқамінерлердің «кедейлігі». Сөздеріне сенсек, декларация өткізгендегі айтқандарына ұйысақ, сұхбат бергендегі мысалдарына қарасақ, «үйлері» жоқ, «күйлері» кемшін. Алатын айлықтары шайлығына жете бермейді-мыс. Қызыл коммунист депутаттың бірі әр айдағы еңбекақысының жарты миллион екенін, көлікті несиеге алуға ұмтылып жүргенін алға тартқаны бар. Тіпті, халық екі тізгін, бір шылбырды қолдарына ұстатып, қадір тұтып, қарап отырған кейбір азаматтар арзандатылған 20-30 мыңның кос­тюм шалбарын киетінін «жария» ететінін қайтерсің? Сонда олар осы сөздерді қауым қабылдайды деп ойлай ма екен?

«Жұрттың көз алдында жүргендер солай жұпыны өмір сүріп жатса, былайғы елдің халі қалай? Бір үзім нанға зар болып жүрген жоқ па? Төрт керегеге қолы жетіп, ұл-қызын асырауға шамасы бар ма?» демес­ке шарамыз жоқ. Сөйтесің де, ірі қалалардың іші-сыртындағы салтанатты сарайлар кімдікі екен, артынан Сұлтанмахмұт Торайғыровша сөз саптап: «Біздерде мынандай бар, мынандай бар», деп байлығымыздың барына тәуба дейміз. Артынан осы байлық барда «кедей» шенеуніктердің жағдайы онша құрдымға кете қоймайтынын ойша түсініп, әлгі сарайларды көз алдымызға елестеткенде, тағы да Сұлтанмахмұттың: «Кесені қолыма алып қарай бердім, Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» келетін өлеңі ойға оралады. Артынан атам қазақтың «жоқтың түбі жоғалады» деген сөзі еске түсіп, сол шіркіндер, айна халықтың алдында жалған ақталмай-ақ, үнсіз жүре берсе қайтер еді дейсің. Бүгін олардың дәулеті «кем» болғанмен, ертең мол екені айдай әлем алдында ақиқатқа айналарын кім жоққа шығара алады?

Сүлеймен НҮСІП.

Соңғы жаңалықтар