• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2021

Мектеп құрылысына маңыз берілген

494 рет
көрсетілді

Орта мектептердегі үш ауысымдық оқытуды жою мәселесі Қарағанды облысында да өткір тұр. Әлбетте, бұл тығырықтан шығудың жолдарын табу үшін жергілікті атқарушы билік қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда.

Қарағанды облыстық құры­лыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметі бойын­ша, биылдың өзінде облыста әлеуметтік маңызы бар 20-дан аса нысан салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 1 300-ден аса бала оқитын төрт мектептің құ­ры­лысы басталды. Облыс орта­лығында және Жаңаарқа ауда­нында екі білім нысаны пайда болады. Қарағандыда, Май­құдық елді мекенінде салынып жатқан оқу орны 600 орынға, ал Жаңаарқа кентінің мектебі 464 орынға есептелген.

Бұдан бөлек Шет ауда­нын­дағы Киікті ауылында 150 орындық мектептің құрылысы қызу жүргізілуде. Жез­қаз­ған­дағы Теректі стансасында 80 орындық тағы бір ғима­рат салынып жатыр. Міне, ма­мандардың есебінше, осы құры­лыстардың нәтижесінде облыстағы үш ауы­сыммен оқыту мә­се­лесінің түйіні шешіліп, ол­қы­лықтың орны толмақ.

Ал Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы әрқайсысы 320 орындық екі балабақша құ­ры­лысы өңірдегі 640 баланы мектепке дейінгі біліммен қам­­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарағандыда қыздарға ар­налған «Білім-инновация» ли­цейінің ғимаратына екі қа­батты қосымша құрылыс салу жоспарда бар.

Денсаулық сақтау саласында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, Майқұдық пен Сұрыптау елді мекендерінде үш жедел медициналық жәрдем қо­салқы стансасының құрылысы жүріп жатыр.

Қарағандыда 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Сонымен қатар облыс орталығында позитронды-эмиссиялық компьютерлік томография орталығы, №1 көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық бөлімше және облыстық онкодиспансердің опе­рациялық-реанимациялық бло­гы салынуда.

Сонымен қатар Нұра ауда­нын­дағы Кертінді ауылында фельдшерлік-акушер­лік пункт­тің құрылысы медици­на­лық қызметке зәру жергілікті ха­лықтың қажетін өтейтіні сөзсіз.

 

ҚАРАҒАНДЫ