Қазақстандықтар 25 шілдеден бастап Ресейге кірген кезде «Путешествую без COVID-19» қосымшасын пайдалануы тиіс. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Тест елге кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырылуы тиіс. Нәтижесі QR код түрінде жіберіліп, оны шекарада көрсету керек.
Сондай-ақ нәтижелер өзара ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл Қазақстан азаматтарына Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы (транзитпен) кіруге мүмкіндік береді.
«Путешествую без Covid-19» қосымшасын пайдаланудың тәртібі мынандай:1. Қосымшаны жүктейсіз.2. Бағдарлама ұсынған тізімнен ең жақын зертхананы таңдайсыз.3. ПТР-тест тапсырғаннан кейін нәтижені QR-кодты (оны зертхана береді) сканерлеу арқылы «Тесттер» бөліміне жүктейсіз.