• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Шілде, 2021

Демалыс күндері 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

635 рет
көрсетілді

Қазақстан бойынша 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 градустан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.