• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2014

Тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс

290 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің  2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің  2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, 2013 жылы Іс-шаралар жоспарының белгіленген барлық пункттері мерзімінде орындалған. Ол сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасаудың кешенді жоспарын толықтыру жөнінде хабарлап, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілет­тік­терді одан әрі шектеу, жеке­ше­лендірудің екінші толқыны шеңберінде кәсіпорындар мен нысандар санын ұлғайту, мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларына даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын тарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сол сияқты кеңесте жүзеге асырылған іс-шаралар бойын­ша мемлекеттік органдар бас­шыларының есептері тыңдалды.

Мемлекет басшысының бар­лық тапсырмалары сапалы және уа­қытында орындалуы тиіс. Бұл жерде формальдылыққа жол беруге болмайды. Сондықтан әрбір мемлекеттік орган, әрбір басшы бар­лық тапсырмалардың жүзеге асу тетіктерін тағы бір рет қарап шы­ғуы керек. Біз бұл мәселелерді тұ­рақты негізде қарап тұруды одан әрі де жалғастыра беретін бо­ламыз, деп түйіндеді сөзін С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар