Атырау облысында тұтынушылардың 1 074 452,3 теңге төлемі қайта есептелді, деп жазады Egemen.kz.
Жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектелерінің жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу үшін талдау жүргізілген. Осы мақсатта сыртқы ауаның нақты температурасы ескерілген.
«Өткен жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты жоғары температурасының нәтижесінде тұтынушыларға 2020-2021 жылғы жылу маусымы үшін 5 табиғи монополия субъектісі («Жылыой Су» МКК, «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС, «Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ) бойынша жалпы сомасы 1 074 452,3 теңгенің (қосымша құн салығынсыз) қайта есептеуі жасалды. Оның ішінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жалпыүйлік жылу есептеу аспабынсыз – 313 734,28 теңге, ескі, апатты үйлерде – 177 139,0 теңге, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС – 187 287,1 теңге, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК – 103 552,0 теңге, «Жылыой Су» МКМ – 43 128,1 теңге, «Камыскала Су Арнасы» ЖШС-де 249 611,8 теңгені құрады. Ал, жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшкен тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді. Бұл тұтынушыларға қайта есептеуді жүргізу қажеттілігі жоқ», делінген Табиғи монополияларды реттеу комитеті өңірлік департаментінің ақпаратында.