• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Шілде, 2021

Алматыда 26 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

418 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері халық арасында коронавирустың үнді штамының таралуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, шектеу шаралары 26 шілдеден басталады.

Барлық мейрамхана, кафе және кофехана сияқты жабық қоғамдық тамақтандыру орындары «Ashyq» жобасына қатысып-қатыспайтынына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері тек үйге жеткізу қызметімен жұмыс істейді. Ал жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатыны - сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтын 50 орыннан аспайтын тамақтану орындары 7:00-ден 17:00-ге дейін залын тек 50% толтыру арқылы жұмыс істей алады. 

Дәл осындай ережелер жазғы алаң, асхана типі бойынша тамақтандыру объектісі, 20%-ға дейін ғана толатын фуд-корт, монша, сауна, курорттық орталық, боулинг пен караокеге де қатысты.

Ашық және жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері де демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар - 7:00-ден 20:00-ге дейін,  жобаға қатыспайтыны 7:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Саябақтар, жаяу жүргіншілер демалатын орындар (Арбат) демалыс және мереке күндері жабық.

Қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Банкет залдары (еске алу шаралары, мейрамхана мен кафе қызметтері) «Ashyq»-сыз жұмыс істемейді. Жобаға қатысушыларға жұмыс күндері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін залын тек 30%-ға толтыру арқылы жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бассейндерге, жабық аквапарктерге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын ашық бассейндер мен аквапарктарға жұмыс күндері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Қаулының толық нұсқасын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан алуға болады.