• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 24 Шілде, 2021

Елена Рыбакина теннистен Токио Олимпиадасының екінші кезеңіне шықты

262 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарының екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина бірінші айналымда аустралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі кезеңде Еленаның қарсыласы египеттік Майар Әбделазиз және швециялық Ребека Петерсон жұбының жеңімпазы болмақ.