Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио Олимпиадасын жалғастырмайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кортқа шыққан қазақстандық теннисші бірінші сетте-ақ 2:5 есебімен жеңіліп жатқан.
Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.