2013 жылғы 24 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №52, 728-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;».8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжат;5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;12) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;13) орындалған түрлендірулердің мәртебесі;Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынуы тиіс. Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:«8-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді ресімдейді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;5) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;6) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.8-2. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, дана сертификатының көшірмесі;6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);7) Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі орналасқан жеріне дейін ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулар мен істен шыққан жерлердің тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде).Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуе кемесінің нақты түріне арналған ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасын қолданады.Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық байқап тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен сертификаттық байқап тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқау материалын пайдалана отырып жүзеге асырылады.11. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланушы құжаттамасын көрсетеді.12. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасайды.Сертификаттық байқап тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін күні мен ескертулерді жою жөніндегі жауапты адамдарды көрсете отырып, түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен сәттен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.»;мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:«13-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:«2-1. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтата тұру және кері қайтарып алу13-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:1) әуе кемесі ұшуға жарамды күйде ұсталмайды;2) авариялық-құтқару жабдығында ақау бар;3) ұшуға жарамдылық сертификатының қолданыс мерзімі өтіп кеткен;4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес орындалмайды.13-3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификаты қолданысының тоқтатыла тұру себебін көрсетеді.Ұшуға жарамдылық сертификаты тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ол кері қайтарып алынады.13-4. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оны қалпына келтіруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді пайдаланушы жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жойылған сәйкессіздіктер бойынша қосымша тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.13-5. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.13-6. Ұшуға жарамдылық сертификаты кері қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.»;осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат) қаулысында:көрсетілген қаулымен бекітілген «Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінімді берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн. Қосымша зерттеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.»;8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес республикалық бюджет кірісіне осы стандартқа 1-1-қосымшаға сәйкес мөлшерлемелер көлемінде аударылатын алым алынады.Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша айлық есептік көрсеткіштерде алым төлеу күні есептеледі және осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар берілгенге дейін төленеді.»;11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;«11. Мемлекеттік қызметі алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы өтінімді әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы серификатын алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжаттың көшірмесі;4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда, пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;12) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;13) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнге дейін күнтізбелік 30 күн мерзімнен аспауға тиіс. Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе оның уәкілетті адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:«11-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтінімді ресімдейді: 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;5) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;6) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.11-2. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) осы стандарттың 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, дана сертификатының көшірмесі;6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);7) Ұшуларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес негізгі орналасу жеріне ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулықтар мен бас тартулар тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде);Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша ұсынылады, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.Мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайғы бойынша беріледі, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.Мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:«22-1. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.Мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;көрсетілген стандартқа 1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, жиырма сегізінші, отыз алтыншы, елу бірінші, елу екінші абзацтарын және 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, жиырма тоғызыншы, отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №1392 қаулысына 1-қосымшаҚазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасына 1-қосымша
ӨТІНІШ
1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «__»__________№_____болып енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын.Үлгісі___________________________________________________________Әуе кемесінің мақсаты_____________________________________________Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі____________________________Әуе кемесінің жасалған күні________________________________________Дайындаушының атауы ___________________________________________Дайындаушы мемлекет____________________________________________Үлгі сертификаты (немесе балама құжат):_______№__берілген күні______Өтініш беруші туралы мәліметтер:Мекенжайы______________________________________________________Телефон:____________________Факс:_______________________________Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса)_______________________Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:Ұйымның толық атауы_____________________________________________Басшының тегі, аты, әкесінің аты____________________________________Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны________________________________________________________3. ӘК данасының орналасқан жері _________________________________4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы________________________________________________________________5. Әуе кемесінің ұшуы___________________________________________- пайдалану басталғаннан бастап:________сағ.________қонуы_________жыл- соңғы жөндеуден кейін:___________сағ.__________қонуы___________жыл6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы:______сағат______соңғы____жыл7. Салмағы, кг________________. Орталықтау, % САХ______________8. Әуе кемесіне түзету, өзгерту жұмыстарын жүргізген ұйым___________9. Пайдаланудың техникалық деректеріне енгізілген, жүргізілген жетілдірудің нәтижесі болған өзгерістер көрсетілсін (егер орын алса): ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау:______________________________техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау:_________________________техникалық қызмет көрсету регламенті:______________________________10. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат:_________11. Әуе кемесі ИКАО __________ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.12. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректері.13. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша деректер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №1392 қаулысына 2-қосымшаҚазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасына 2-қосымша Нысан«Бекітемін» Пайдаланушының бірінші басшысы ___________________(қолы, Т.А.Ә.)20__ ж. «__»_________.
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындауАКТІСІ
Мынадай құрамдағы комиссия:Төраға ______________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)Комиссия мүшелері _______________________________________________________________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)200__ж. «__» ______________________________ техникалық тексеру жүргізді (әуе кемесінің үлгісі және мақсаты)мемлекеттік және тіркеу белгілері ____________________ сериялық (зауыттық) нөмірі ______________________________________________________________ 1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:ӘК-нің зауыттан шығарылған күні Белгіленген ресурс _____ сағ ____ қонуы ____ жылПайдалану басталғаннан бері ұшуы _____ сағ ____ қонуы ____ жылЖөндеу саны _____ сағ ____ қонуы ____ жылСоңғы жөндеу жүргізілген күн мен орын, АЖЗ _____ сағ ____ қонуы ____ жылСоңғы жөндеуден кейінгі ұшуы _____ сағ ____ қонуы ____ жылЖөндеуге дейінгі ресурс қалдығы _____ сағ ____ қонуы ____ жылЖөндеуаралық ресурс _____ сағ ____ қонуы ____ жыл
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз _______________________________3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз ____________________________4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері туралы мәліметтер: _________________Қозғалтқыш/әуе винтіҮлгісі 1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО Зауыттық нөмірі Пайдаланудан бері жұмысы (сағат) Соңғы жөндеу күні Соңғы жөндеуден кейінгі жұмысы Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) Жөндеулер саны
5. Әуе кемесі ___________________________________ көлемінде қаралған, (ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны)ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ______________________ (күні)6. Әуе кемесінің жасақталуы _______________________________________7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ___________8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы үлгідегі әуе кемесінің барлық пысықтаулары орындалды;бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері жоқ.9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ________________________10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралыкомиссия қорытындысы _______________________________Төраға: ___________________________________________________ (қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: _______________________________________________ (қолы, күні, Т.А.Ә.)М.О.11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға) Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы бар және ол пайдалануға жарамсыз».төраға: ___________________________________________________ (қолы, күні, Т.А.Ә.)Комиссия мүшелері: ________________________________________ (қолы, күні, Т.А.Ә.)М.О. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №1392 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасына 3-қосымша
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудыңҮЛГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы мәліметтерӘуе кемесі: борттық № _____________ сериялық нөмірі ___________________Ұшуға жарамдылық сертификаты _______________________________________(кім берген, қолданылу мерзімі)ӘК пайдаланушы/өтініш беруші ________________________________________ұйым атауыӘК-ті білдіретін тұлға _________________________________________________(лауазымы, Т.А.Ә.)Тексеру күні (к/а/ж) ___________________________________________________Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, тексеру үшін негіздеме:____________________________________________________________________________________Тексеру орны ________________________________________________________2. ПланерРесурстар және қызмет ету мерзімдеріҚызметтің белгіленген мерзімі: жыл қызметтің жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): жыл
Белгіленген ресурс: ұшу сағаттары жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): ұшу сағаттары қону қону ӘК шығарылған/пайдаланыла басталған күні (с/а/ж) соңғы жөндеу мерзімі (с/а/ж) күрделі жөндеулер саны: Атқарылған жұмысы ПББ _________ұшу сағаттары қонулар СЖК _________ұшу сағаттары қонулар Соңғы мерзімді ТҚ күні (с/а/ж) ТҚ түрі: кім орындады: соңғы ұшу мерзімі (с/а/ж) мерзімді ТҚ соңғы түрінен кейінгі атқарым: ұшу сағаттарықонулар
3. Күш құрылғысыЖалпы мәліметтерРесурстар және қызмет ету мерзімдері Қозғалтқыштар
Деректер 1- қозғалтқыш 2 -қозғалтқыш 3 -қозғалтқыш 4- қозғалтқыш ҚКҚСериялық нөмірі Пайдалану басталған күн Соңғы жөндеу күні Жөндеу саны Белгіленген ресурс с/а сағат/іріктеу/іске қосуЖөндеуаралық ресурс с/а (1-ші жөндеуге дейін) сағат/іріктеу/іс-ке қосуПББ атқарылған жұмысы с/а СЖК атқарылған жұмысы с/а Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі Директивалардыжәне ұшуға жарамдылықта ұстау жөніндегі басқа да міндетті жұмыстарды орындау (жөндеу, бюллетеньдерді, бір реттік және әуе кемесінде өнеркәсіптің жасаған жөндеулері)
4. Агрегаттар Ресурстар және қызмет ету мерзімдері (Әуе бұрандалары, Бас редуктор. Аралық редуктор. Артқы редуктор. Салмақ түсетін бұранданың төлкесі, қиғаштық автоматы) АгрегаттарДеректер Сериялық нөмірі Пайдалану басталған күн Жөндеулер саны Соңғы жөндеу мерзімі Белгіленген ресурс с/а Жөндеуаралық ресурс (1-ші жөндеуге дейін) ПББ атқарылған жұмысы с/а СЖК атқарылған жұмысы с/а Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі
5. Әуе кемесін қарап шығу және құжаттарды тексеруР/с № Тексеру бағдарламасы және тексерілетін элементтер Сәйкес-тікті бағалау (+/-) Сәйкес-сіздік позиция-сының нөмірі Тексеріс күні ӘК түрі Пайдаланушы ӘК с/н 1. Пайдаланушы базасындағы ӘК құжаттамасын ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту тұрғысынан тексеру 2) Формулярлардың (паспорттардың) жай-күйі және жүргізілуі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен ТҚК бағдарламасына сәйкес ТҚК орындалуының толықтығы және уақтылылығы. Орындалған ТҚК құжаттарының жай-күйі және жүргізілуі 3) бір мәртелік тексерулер, ADs және тиісті жазбаларды орындау 4) ресурстық жиынтық бөлшектерінің жұмыс істеген уақытын есепке алу, сериялық нөмірлерді салыстырып шығу (ішінара) 5) ӘК түрлендірулері және жөндеулері бойынша құжаттама 2. ӘК қарап шығу және әуе кемесінің құжаттамасын тексеру2. Ұшқыштар кабинасы Кеме құжаттамасының тізбесі: әуе кемесінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;ұшуға жарамдылық сертификаты;әуе кемесінің шу жөніндегі сертификатыәуе кемесінің радиостанцияларына лицензия;пайдаланушы сертификатының куәландырылған көшірмесі, авиациялық жұмыстар жүргізуге куәлік немесе ұшуларды орындау құқығына куәлік (барлық қосымшалармен);ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау;ұшуды орындау жөніндегі нұсқау (4 бөлім);ең төменгі жабдықтың тізбесі;борт журналы;салмағын өлшеу мен орталықтандыру жөніндегі деректер;қаптаманың мүмкін болатын майысуы мен зақымдануы жөніндегі деректер;кейінге қалдырылған ақаулар тізімі;командир хабарларының түрлері;пайдалануға жіберу сертификаты (Certificate of Release to Service) 1) ұшқыштар кабинасындағы шыныланған фонарьдың тазалығына және зақамдану жоқ екеніне көз жеткізіңіз, желдеткіштердің (блистерлердің) оңай ашылатынынын тексеріңіз 2) аспаптардың сыртқы жай-күйінің тазалығын және зақымданудың жоқ екенін қарап шығыңыз. ЖҚС панельдерінің таңбалануын қарап шығыңыз 3) ұшқыштар кабинасындағы есіктер мен бекітетін құрылғылардың жай-күйін, жарамдылығын қараңыз. Қорғаныштың болуы 4) ұшқыштар креслоларының сыртқы жай-күйін қарап шығыңыз, жағдайды реттеу тетіктерінің жарамдылығын, иық және бел қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы мен жарамдылығын тексеріңіз 5) басқару органдарының жалпы жай-күйін тексеріңіз 6) авариялық жабдықтың – түтінге қарсы және оттегі маскаларының, авариялық балтаның болуын тексеріңіз 7) түтінге қарсы қаптың өз орнында екенін тексеріңіз 8) медициналық қобдишаның болуын, оның пломбалануы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз 9) әр пилоттың жұмыс орнынан экипаж кабинасына кіру есігінің құлпын қашықтықтан басқарудың болуын және жұмыс қабілеттілігін (екі пилотты экипажы бар ӘК үшін) тексеріңіз 10) Мыналардың болуын тексеріңіз:жаһандық позициялау жүйесі (GPS/FMS) мен дерекқордың жаңартылуы (қолданылатын жерлерде);арнайы аймақтарда (MNPSRVSMPBN) ұшуларды орындауға навигациялық жабдық (қолданылатын жерлерде);ИКАО 2-3-санаттарының метеоминимум бойынша ұшуларды орындау үшін ұшу-навигациялық жабдықтың екі жиынтығы (қолданылатын жерлерде);жерге қауіпті жақындауды ерте құлақтандыру жүйесінің (ЕGPWS(GPWS)/CPППЗ) жабдығы (сертификатталған ең көп ұшу салмағы 15 т мен 30 жолаушыдан артық ӘК үшін);апатты радиомаяк (ELT) 406 MHz, 121,5 MHz (саны, жиілігі 6 бұйрық, 1 б, 6.17 т. және 10 бұйрық, 3 б, 5.1 т. сәйкес);байланыстың тиісті түрі (RCP) орнатылған аудандарда немесе бағыттар бойынша ұшу жабдығы (қолданылатын жерлерде) 11) жеке құтқару кеудешелерінің болуы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз (қажет болған жағдайда) 12) ұшқыштар экипажы мүшелерінің орындарында қалта шамдарының болуын тексеріңіз 3. Салон1) әжетхана есігінің сыртқы жағында күлсалғыштың бар екеніне көз жеткізіңіз 2) әжетхана есігінің сыртқы және ішкі жағында «Темекі шегуге болмайды» деген тақтайшаның болуына көз жеткізіңіз 3) әжетханаға отыратын жерде «Қоқыс тастауға болмайды» белгісінің болуына көз жеткізіңіз 4) түтін детекторының орнатылғанына көз жеткізіңіз 5) қоқыс багының үстінде автоматты өрт сөндіргіштің бар екеніне көз жеткізіңіз 7) барлық қоқыс бактарының таза екеніне және онда жанбайтын материалдан жасалған пакеттер орнатылғанына көз жеткізіңіз 8) ұшақтың салонына кірер кезде ӘК деректерінің жанбайтын тақтайшасының болуы 4. Ас үй1) буфеттік-ас үй жабдығын қараңыз және электр жабдығының, дабыл беру жүйесінің, борттағы тағамды жылытатын жердің жарамдылығына көз жеткізіңіз 2) ас үй есіктерінде апатты науасы бар контейнерлердің болуын тексеріңіз және оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз 3) ас үй есігінде оларды ашу тәртібі туралы трафареттердің бар-жоғын тексеріңіз 4) барлық азық-түлікті сақтау контейнерлерінде салмағы бойынша шектеулер туралы ақпараттың бар-жоғына көз жеткізіңіз 5) барлық контейнерлер мен кофе-машиналарда бекітуші құлыптардың бар-жоғына көз жеткізіңіз 6) барлық тақтайшалар оқылатындығына және олар өз орындарында орналасқандығына көз жеткізіңіз 5. Жолаушылар салоны1) жолаушылар салоны интерьерінің тазалығын және зақымданудың жоқ екенін қарап шығыңыз 2) жолаушыларға арналған ақпараттық таблолардың жолаушылардың көз алдында екендігін тексеріңіз. Көмескі жарық беру жұмыс жағдайында екенін қараңыз 3) авариялық шығатын жерлердің таблолары өз орнында тұрған-тұрмағанын, олардың көмескі жарық беру жүйесінің жұмыс істейтін-істемейттінін тексеріңіз 4) ӘК авариялық шығу жүйесінің жұмыс істейтін күйде болу-болмауын тексеріңіз 5) есіктерде орналасқан авариялық науалары бар контейнерлерге еркін қол жеткізу мүмкіндігінің бар екенін тексеріңіз 6) есіктерді ашу жөніндегі барлық нұсқаулықтардың орнында тұрған-тұрмағанын және дұрыс таңбаланғанын тексеріңіз 7) жолаушылар орындықтарының еденге бекітілу құлыптарының жабылғаннын тексеріңіз 8) жолаушылар орындықтарындағы қауіпсіздік белбеулерінің жиынтықта болуын, тазалығын және жарамдылығын, таңбалануын қарап шығыңыз 9) авариялық шығатын жерлердегі орындықтардың орналасу дұрыстығын тексеріңіз 10) қанат үстіндегі авариялық шығатын жердің алдында қозғалыс бағыты көрсетілген (егер көзделген болса) тайғанамайтын бөлігі бар екеніне көз жеткізіңіз 11) бортсеріктің әрбір жұмыс орны бел және иыққа тағылатын ақаусыз қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз 12) бортсеріктің әрбір орындығының қасында авариялық қалта шамының (егер өндіруші көздеген болса) бар екеніне көз жеткізіңіз 13) тасымалданатын оттегі баллондары белгіленген орындарда орналасқанына және бекітілгеніне, сақтау орындары таңбаланғанына көз жеткізіңіз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерілгеніне көз жеткізіңіз 14) тиісті көлемдегі және үлгідегі өрт сөндіргіштер өз орындарында екеніне және бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерілгеніне көз жеткізіңіз 15) алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы белгіленген, таңбаланған жерде орналасқанына көз жеткізіңіз. Қобдиша пломбаланған және жарамдылық мерзімі бар 16) авариялық балтаның өз орнында екеніне көз жеткізіңіз 17) шассиді тексеріп қарау терезесіне апаратын есіктің (люктің) таңбаланғанына және жарамды жай-күйде екеніне көз жеткізіңіз 18) жеке құтқару кеудешелерінің болуын және олардың жарамдылық мерзімін (қажет болса) тексеріңіз 19) жолаушылар жадынамасының бар-жоғын тексеріңіз 20) креслолар арасындағы жолдарда еденде «жүгіртпе жол» авариялық шамдарының болуын және жұмыс істеуін тексеріңіз 6. Планер1) фюзеляждің лак-бояу жабынының жай-күйін қарап шығыңыз. Айқын жөндеуді қажет ететін жерлерге назар аударыңыз және жөндеуге арналған құжаттаманы тексеріңіз 2) фюзеляждағы апатты ашу орындарында тиісті таңбалаудың түсірілуін қарап шығыңыз 3) кокта ЛБЖ жарықтары мен зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз 4) жолаушылар салонындағы (жүк бөлігіндегі, ас үйдегі) иллюминаторлардың шынылануын қарап шығыңыз 5) статикалық және динамикалық қысым қабылдағыштарда, антенналарда зақымданудың бар-жоғын, олардың таңбалануын қарап шығыңыз 6) технологиялық тығындардың, «вымпелдердің» болуын және жай-күйін тексеріңіз 7) технологиялық панельдердің (люктердің) жабық екенін, таңбаланудың болуын тексеріңіз 8) қосымша есіктерде тиісті таңбаланудың болуын қарап шығыңыз 9) жарық түсіргіш (импульстік) маяктарда, АНО мен шамдарда зақымданудың болмауы тұрғысынан олардың сыртқы жай-күйін қарап шығыңыз 7. Тік және көлденең қанаттану1) киль мен стабилизатордың, бағыт пен биіктік рулінің, артқы обтекателінің сыртқы жай-күйін зақымданулардың болмауына қарап шығыңыз 2) статистикалық электр тогын ажыратушыларды зақымданудың болмауы тұрғысынан қарап шығыңыз 3) стабилизаторды орнату бұрыштарының лимбтарын (белгілерін) қарап шығыңыз 8. Пилондар1) пилондарда зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз 2) технологиялық панельдердің (люктердің) жабық екенін, таңбаланудың болуын тексеріңіз 9. Қанат1) қанаттың алдыңғы жиектерінде, бетінде және механизациясында зақымданудың болмауын қарап шығыңыз