• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 24 Шілде, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

294 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударып талқылады. Биылғы бес айдың ішінде екіжақты сауда көлемі 46 пайызға артқан. Инвестициялық, көлік-логистикалық жобалар жүзеге асырылып, жаңа авиациялық бағыттар ашылуда.

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық, өңірлік алаңдарда бір-бірімен тығыз байланыс жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Ташкентте өткен Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның қорытындыларына жоғары баға берді.

Екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын жан-жақты талқыға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев аталған проблема бойынша ортақ түсінік бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, өзбек халқының мойындалған көшбасшысына зор денсаулық, құт-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.