Арқалық полицейлері бетон плиталарының астынан киіктің мүйізін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Арқалық қаласының табиғатты қорғау полициясы жекелеген шаруа қожалықтарын патрульдеу кезінде дала фазендасының аумағында киіктің мүйізін тапты.
Киіктің екі мүйізі бетон плиталарының астына жасырылды. Шопандардың бірі оларды далада тауып, олжадан кәдесый жасауды жоспарлағанын түсіндірді.
Шопанның айғақтары ҚР ҚК-нің 339-бабында көзделген «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексеріледі.
Айта кетсек, бұл аумақ саны азайып бар ажатқан Бетпақдала киіктерінің мекендейтін жері болып табылады.