• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2021

Шымкент зауыттарының бірінде балалар заңсыз жұмыс істеген

326 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында құрғақ сүт өнімдерін өндіретін жасырын зауыт анықталды. Қоймада дайын тауарды, техниканы, қаптаманы және өнімнің өзін өлшеп-орауға арналған қораптар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Компания өкілдеріне тұтынушылардан өнімдер сапасыз болды деген шағым түсе бастады. Сол кезден бастап компания жалған цехтің ізіне түсті. Бір аптада бұл цехта 5-6 миллион теңгеге құрғақ сүт өндіріліп, бір айда 10 миллион теңгеге жуық өнім өндірілді», деп жазады Оtyrar.kz.

Өнімдерге арналған қаптамалар жақын шет елдерден сатып алынған. Дайындаған өнімдерді көршілес мемлекеттерге жіберіп отырған. Шымкенттен шыққан жалған қопсытқыш тек жергілікті базарлардан ғана емес, көршілес Қырғызстаннан да табылды.

«Ішінде негізінен сода, натрий хлориді және лимон қышқылы бар. Олар жалған. Бұндай өнімдерді жасау үшін қажетті заттар базарда қол жетімді. Қаптама материалдары ТМД елдерінен, Өзбекстаннан, Ташкенттен әкелінген. Осы өнімдерді жасаған қаскүнем ұсталды, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», деді «CYKORIA» компаниясының экономикалық қауіпсіздік қызметкері Ахмет Аманбаев.

Цех пен қоймаға арналған бөлме жалға алынды. Құрғақ сүт пен қопсытқыш ұнтақ лас еденде жатқан. Компания өкілдерінің айтуынша, күдіктілер тауарларды Акбар, Жібек Жолы және т.б. базарларында сатқан. Жалған орама болса, іс жүзінде түпнұсқадан ерекшеленбеді.

Тергеу амалдары көрсеткендей, заңсыз өндіріс ошағында кәмелетке толмаған балалар жұмыс істеген. Олардың жұмысы күніне үш мың теңгеге бағаланған. Жасөспірімдер сол цехтың ішінде тұрды. Жасырын зауыттың иелері балалар үшін жатақхана ұйымдастырған.

«Мен 14 жастамын, әпкем осында жұмыс істеуге шақырды. Ол да осында жұмыс істейді. Күніне 3-4 мың аламыз. Анам мен әкем менің осында жұмыс істейтінімді біледі», деді кәмелетке толмаған бала.

Қазір кәмелетке толмағандармен ювеналды полиция жұмыс істеуде. Жалған зауыт ұйымдастырушыларын айыппұл немесе түрме мерзімі күтеді.