Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың алғашқы сатысында оларға Франциядан келген Жереми Шарди мен Гаэль Монфис қарсылас атанды.
Алғашқы сетте қазақстандықтар 7:6 есебімен жеңді. Ал екінші сетте дәл осы есеппен қарсыластар басым түсті. Кімнің жеңімпаз атанатыны тай-брейк әдісі арқылы шешілді.
Шешуші үшінші сетте қарсылас тарап ширақ қимыл көрсетіп, 10:7 есебімен басым түсті.
Енді Жереми Шарди мен Гаэль Монфис екінші айналымда Германиялық Яна-Леннарда Штруфф пен Александр Зверевпен жарысатын болады.