• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 24 Шілде, 2021

«Олимпиаданың мен үшін дәл осылай аяқталғаны өкінішті» - Зарина Дияс

369 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио Олимпиадасына аяғының жарақатына қарамастан қатысқан. Бұл туралы федерация баспасөз қызметінің сұхбатында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өкінішке қарай, кездесуді тоқтатуға тура келді. Өткен аптада Лозаннадағы турнирде аяғымды жарақаттап алдым. Біраз ем алған соң, жақсы болып қалғанмын. Бүгінгі кездесу кезінде аяғым қайтадан ауыра бастады. Сол себепті, турнирді жалғастыра алмадым. Олимпиаданың мен үшін дәл осылай аяқталғанына қатты өкіндім», деді Зарина Дияс. 

Токио Олимпиадасының бірінші айналымында қазақстандық теннисші 2021 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы Барбора Крейчиковамен кездескен болатын.  Алайда, бірінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатқан Зарина жарақатына байланысты жарысты тоқтатуға бел буды.