Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Олимпиада ойындарын жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші айналымда Путинцева аргентиналық Надия Подороскамен кездескен болатын.
Отандасымыз алғашқы сетте қарсыласына 6:7 есебімен жол берді. Екінші сетте 3:1 есебімен алға озып, кенеттен жарысты жалғастырудан бас тартты.