• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ДҮБІРГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕ

504 рет
көрсетілді

Осыдан бір апта бұрын Польша мемлекетінің басшысы қызметін атқарушы, Польша сеймінің төрағасы Бронислав Коморовский кезектен тыс президент сайлауы 20 маусымда өтетінін, екінші тур қажеттігі туса, 4 шілдеде өтетінін жариялады. Поляктар жаңа президентін таңдайды Бүкіл әлем жұртшылығы кеңінен хабардар болған Польша президенті Лех Качиньскийдің авиаапаттан қаза табуынан кейін бұл елде кезектен тыс президент сай­лауы өтетін болып отыр. Жалпы, кезекті пре­зидент сайлауы да биылғы күзде өтуге тиіс еді. Оған да дайындық науқаны кеңінен бас­талып кетіп, күреске түсетіндер тізімі белгіленіп қалғандай-тын. Бірақ Качинь­ский­дің қазасынан кейін жағдай біршама өзгергені бар. Әңгіме мар­құмның өзі сол сайлау науқанына қатыспақ болғандығы емес, жаңа үміткерлер пайда болып, бұрын­ғылардың кейбіреулері екінші кезекке ысырылғандай. Өткен жылдың аяғында-ақ бұл елдегі белгілі қайраткерлердің қайсысының мүмкіндігі қандай екені жөнінде сауалдамалар жүр­гізілгені бар. Алғашында премьер-министр Дональд Туск сайлауға түсер болса, бәйгені шаппай алады деген тұжырымдар жасалған. Көп қайраткерлер онымен тайталасқа түсуге тайсақтағандай болып, өз ниеттерін білдіре қоймап еді. Кенеттен Туск сайлауға түспей­тінін мәлімдеп, содан кейін үміт­керлер саны күрт көбейген. Әрине, жеке қайраткерлердің беделдері де айрықша рөл атқа­рады. Сөйтсе де сайлауда партия­лардың ықпалы күшті. Жұрт өз партияларының өкіліне дауыс береді. Қазіргі үміткерлер арасында сол биліктегі “Азаматтық плат­форма” партиясының өкілі, сейм спикері, сондай-ақ ел басшысы қызметін атқарушы Бронислав Коморовскийдің рейтингі жоғары болып тұр. Сауалдамаларға қара­ған­да, ол марқұм Качиньс­кийдің “Құқық және әділеттілік” пар­тиясының өкілінен екі жарым есе дауысты көп жинайтын көрінеді. Әңгіме сол партияларда. Белгілі дәрежеде “Азаматтық платфор­мамен” белдесуге сол “Құқық және әділеттілік” партиясы ғана қау­қарлы. Бірақ бұл партия да бәй­геге кімді қосарын толық ай­қындай алмай отыр. Қисынға қа­ра­ғанда, марқұм Лех Ка­чинь­скийдің сыңары, бұрынғы пре­мьер-министр Ярослав Ка­чинь­ский ла­йық сияқ­ты. Бірақ оның рей­тингі қазір ай­тар­лық­тай жо­ға­ры емес көрінеді. Оған да өзі кінәлі екен. Ол өзінің сыңары – Лех Ка­чиньскийді Краковтағы корольдер мен ұлылар қорымына жерлеуді талап етіп қасарысып отырып алса керек. Ал халықтың көп бөлігі қатардағы қайраткер Качиньскийді Адам Мицкевич, Юзеф Пил­судский, Тадеуш Кос­тюш­комен қатар қойғанды қаламай, енді соны талап еткен Ярославтан да көңілі қалғандай. Сондықтан оның сайлауға түсуі екіталай. Сөйтіп, біраз жұрттың пікі­рінше, алдағы сайлауда жеңіске жетеді деген Бронислав Коморов­скиймен кім тайталасады дегенде, жеке-дара бір тұлға аңғарыла қоймай тұр. Бірақ партиялар, жеке қайраткерлер сайлаудан сырт қалмайды. Басқасын былай қой­ғанда, спорттық тілмен айтқанда, жүлделі орындар да жаман емес. Содан да партиялар өз адамдарын бәйгеге қоспай тұра алмайды. Көп партиялардың сайлауға қатысатындығынан да алғашқы тур Польша президентін анықтай қоймас, Б.Коморовскийдің бірден 50 пайыздық межеге жетуі қиындау болар. Ал жеке бір адаммен түссе, оның жөні бөлек. “Құқық және әділеттік” партиясының өкілінен басқа, консерваторлардан Януш Корвин-Микке, центристерден Томаш Наленч, шаруалар партия­сынан Вальдемар Павляк жүлделі орын үшін күреске қосылатын көрінеді. Атақты “Соли­дарн­ость­тың” көсемі Лех Валенса да тағы бір тәуекелге бармақ ойда деген сөз бар. Олардың бәрінің де соңынан еретін жұрт бар. Сондықтан да поляктар жаңа президентін 20 маусымда емес, 4 шілдеде айқындайтын болар. Аятолла Хаменеи: ядролық қаруды иемдену – харам Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитіне балама ретінде Теһранда өткен “Атом қуаты – жұрттың бәріне, ядролық қару – ешкімге” деген конференцияда Иран Ислам Республикасының рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи осылай деді. Жөн айтылған сөз, ядролық қаруға берілген жақсы си­пат­тама. Осынау си­­паттаманы Иран­ның өзі, оның бас­шы­лығы ұстанар болса, әлемдегі ядро­лық ахуал ай­тар­лықтай сауығар еді. Сөз жүзінде олардың сол атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланамыз дегенмен, іс жүзінде оған кереғар әрекеттерге барып отырғаны жұрттың бәріне белгілі. Жеке мемлекеттер емес, бұл елдің Халықаралық атом қуатын пайдалану жөніндегі агенттікпен (МАГАТЭ) де тіл табыса алмай жүргені мәлім. Ядролық қару жө­нін­дегі ең үлкен даудың Иранға қа­тысты туын­дағанына да біраз уақыт болды. Әлемнің жетекші ел­дері оны ке­ліссөзге, мәмілеге шақырады. Бірақ Иранмен келісу қиын. Бұл жайында талай ай­тылған, талай жазылған. Енді мынау Теһранда өткен жи­ынға келсек, оның да парасатты қа­дамнан гөрі бүйректен сирақ шы­ғару, ортақ іске қалай да қыр­сық тигізу әрекеті екені даусыз. Ақ ниетті адам, сара саясатты көздеген ел осыдан шамалы ғана бұрын өткен ядролық державалар бас­шы­лығы бас қосқан жиынға – ядро­лық қаруды таратпауды мақсат еткен үлкен жиынға қатыспас па еді, тіпті басқаларға айтар сөзі бол­са, сонда айтпас па еді дейсің. Жоқ, бұлар өйтпейді, әлем жұрт­шылығы қолдаған игі іске топырақ шаш­қанды, аяқтан шалғанды қалайды. Бұл жерде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте қандай сөз болғаны, оны әлем жұртшылығы қалай қабыл­да­ғаны жөнінде жан-жақты айтып жатудың өзі артықтау көрінеді. Ол жа­йында көп айтылды, оның үлкен ке­зеңдік оқиға болғанын жұрт мо­йындады. Бұл ядролық қауіптің алдын алғандай шараға айналды. Оған 47 елдің басшылары, халық­ара­лық ұйымдардың жетек­шілері қа­тысқандығынан да оның ше­ші­мінің бағдарламалық мәні жоғары. Теһрандағы басқосуға 60 елді ша­қырған екен, оның 56-сынан делегация келіпті. Мемлекет, не үкімет басшысынан ешкім кел­ме­ген, 14 ел сыртқы істер ми­нис­тр­ле­рін жіберсе, енді бір 10 ел ми­нис­тр­дің орын­ба­сар­ларын жіберіпті. Еу­­ропаның елдері бұл жиынға қа­тысуды жөн көр­меген. Осыған қа­рап-ақ кон­фе­рен­цияның беделі мен деңгейін аңғаруға болғандай. Әрине, Ва­шинг­тондағы сам­мит пен Те­һран­дағы жиынды са­лыстыруға кел­мейтінін әркім-ақ аңғарар. Бірақ Теһ­ран­дағы айқай сөздің бәсең бол­май­тыны бұл жи­ынның мақса­ты­нан-ақ айқын еді. Иран президенті Махмуд Ах­мадинежад ядролық қаруға қарсы күрестің жаршылары өздері екенін, барлық пәле сондай қарулары барларда екенін, қауіп солардан туындайтынын дәлелдеп бақты. Әсіресе, АҚШ-қа қатты шүйлікті. Атом бомбасын бірінші қолданған солар деп, оларды Халық­ара­лық атом қуаты жөніндегі агент­тіктен де шығарып тастауды талап етті. Мақсат солай болған соң, жи­ынға қатысқандардың біразы Иранды қолдап, қолпаштап сөй­леді. Сирия мен Ирак деле­га­циясы Из­раильді сынап, ядролық бағ­дарламасы үшін Иранға қысым жасауды айыптады. Иранның күт­кені Ресей мен Қытайдың қолдауы еді. Ресей сыртқы істер минис­трі­нің орынбасары Сергей Рябов иран­дықтарды өз ядролық бағ­дар­ламасына халықаралық қоғам­дас­тықтың сенімін қалыптастыруға шақырды. Тек Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопиннің: “Ядролық бағдарламасы үшін Иранға қосымша санкция белгілеуге Пекин қарсылық біл­діреді”, деген сөзі оларға ұнағаны даусыз. Теһрандағы ядролық кон­фе­рен­ция Иранның халықаралық оқшау қалуға қарсы әрекеті екені белгілі. Соған жете алды ма де­генде, олардың өздері шімірікпей үлкен табысқа жеттік дейді. Тіпті бас­қа­дай жиын өткізудің жөні жоқ, әр­қашан Теһранға жиналу керек де­генді де айтып жіберді. Ал ядро­лық қауіпсіздік мәселесін шешу үшін үлкен басқосу, жетекші елдер бас­шылары қатысатын беделді жиын керек екенін дәлелдеп жату артық.