Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бүгін Токиода өтетін Олимпиада ойындарының марапаттары үшін күресті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Турнир басында Қазақстанның WTA рейтингісінде 454-ші орынды иеленген Ярослава Шведова қарсыласы Айла Томляновичтен оза алмады.
Шведова бірінші партиядан 5:7 есебімен ұтылды, ал екінші сетте 2:3 есебімен күресті жалғастырудан бас тартты.